"Заң және тәртіп" қағидаты құқықбұзушылықты азайтты. Ақтөбелік оқытушылар осындай пікірде. Бұған дейін жиі құқықбұзушылық тіркелетін оқу орындары қазір белсенді жастарымен көш ілгері келеді. Ай сайын жүргізілетін рейдтік іс-шаралар да түнгі мезгілде көше кезетін жастардың санын азайтып, заңбұзушылықтардың алдын алуда. Құқықтық мәдениетті қалыптастыратын жоба аясында бүгін тағы бір оқу ордасының жастарымен жүздесу өтті. Толығырақ әріптесім жалғайды.