Облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан Хромтау ауданына жұмыс сапары аясында аудан активі және өндіріс саласының еңбек ұжымдарымен кездесті. Басқосуда Жаңа Конституция жобасы талқыланды.
Облыс әкімінің орынбасары ел мүддесі мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға басымдық берілгенін атап өтті. Оның сөзінше, құжатта еңбек адамының рөлін айқындайтын және әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың нақты әрі түсінікті тетіктері қарастырылған.
Бұл өз кезегінде, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ. Қатысушылар бір ауыздан Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді. Сонымен қатар, келесі айда өтетін республикалық референдумның маңызы айтылды