Шаһарда жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттандыру шаралары жалғасуда. Жалпыұлттық және өңірлік

коалиция мүшелерінің кезекті кездесуі "ҚазақГаз аймақ" АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының жұмысшыларымен өтті. Кездесу барысында адамының құқығы мен міндеті, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім жай сөз болды. Ата заңның жаңа нұсқасында адам капиталы негізгі бағыт ретінде көрсетілгені айтылып, азаматтардың құқықтарының қорғалу тереңдігі түсіндірілді.