Аймақта елдің негізгі заңын кешенді түрде жаңартуды көздейтін конституциялық реформаны талқылау жалғасуда. Бұл саяси жаңғыру жолындағы маңызды қадам. Кезекті жиын Хромтау ауданында өрбіді. 


Онда қоғамдық диалогты дамыту мен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері қаузалды. Азаматтардың мүддесі мен елдің болашағына бағытталған әділетті, заманауи және орнықты құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам екеніне назар аударды.