Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жер-жерде қызу талқыланып жатыр. Ел тарихындағы маңызды реформадан аймақтағы ірі кәсіпорындар да қалыс қалған жоқ. Бүгін облыстық мәслихат депутаттары 2 жарым мың адам қызмет ететін "Ақтөбе су энерджи групп" акционерлік қоғамының ұжымымымен кездесіп, жаңа жобаның негізгі бағыттарымен таныстырды. "Қазақстан Республикасының Констуциясы- еліміздің төлқұжаты. Оны жаңарту- қоғам талабы", - деді спикерлер. Қатысушылар құжаттың жаңа жобасының құрылымы мен мазмұндық сипатына мән беріп, өзара пікір алмасты.