Құқығын білетін тұтынушылардың саны артты. Былтырдың өзінде облыс бойынша департаментке өңір азаматтарынан екі мыңдай өтініш түсті. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 38 пайызға артық.

Ал, қаралған өтініштердің нәтижесінде тұтынушыларға 100 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.