Көшеде жарық жоқ, жауапты мердігерлердің жұмысы көңіл көншітпейді. Астана ауданының әкімі Баянбек Қырықбаевпен бет-бет жүздескен жергілікті жұрт, талап-тілектерін жасырмай жеткізді. Жолдың жайы, санитарлық тазалық мәселесі де күн тәртібіне ілікті. Сын-ескертпелер назарға алынып, оларды шешудің жолдары талқыланды.