Әкім бол, халқыңа жақын бол! Бүгін Алматы ауданының әкімі Рүстем Өтешов қаланың ескі бөлігінің тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдады.

 Өткен жылы жолдар жөнделіп, елдімекендердің инфрақұрылымын дамытуға басымдық берілді. "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында ойын алаңдары салынып, аулалар абаттандырылды. Жергілікті жұрт 2025 жылы жасалған жұмыстарға ризашылығын білдірді, алайда алаңдатарлық мәселелер де жоқ емес.