Облыста қызылша дерті дендеп тұр. Бір айда жүзден астам ақтөбеліктен ауру анықталды. Күн өткен сайын пәрмені күшейген инфекция үлкенді де, кішіні де аурухана төсегіне таңды. Әсіресе сәбилер жағы басым.
Жұқпалы ауруға өтпелі деп қарауға болмайды дейді дәрігерлер, тиісінше вакцина алып, иммундау шарасына белсене қатысу қажет екенін айтады.