Мемлекет басшысы төртінші Ұлттық құрылтайда ерекше қажеттілігі бар балаларға оңалту орталықтарын ашу туралы тапсырма берген болатын.
Енді "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы аясында коррекциялық кабинеттер мен аутизм орталықтарын дамытуға көңіл бөлінеді. Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, елімізде 3 мыңға жуық арнайы педагог жетіспейді. Министрлік кадр тапшылығы мәселесін де шешіп жатыр.