Конституцияда «Миранда қағидасын» бекіту ұсынылды. Бұл жауапты органдар күдіктіні ұстаған сәтте оның негізгі құқықтарын міндетті түрде түсіндіруі керек деген ереже. Яғни ұсталған адамға оның не үшін айыпталғаны және қандай құқығы бар екені егжей-тегжейлі түсіндірілмесе, оған қатысты кез келген тергеу заңсыз деп танылады. Халықаралық стандарттың тиімді тұстары қандай? Оны Ата заңға енгізгеннен не өзгереді?