«Арнайы экономикалық аймақ – бизнесті дамытудың құралы». Экономикалық аймақта өз бизнесін құруға мүдделі кәсіпкерлерге арналған іскерлік кездесу өтті.
Мемлекеттік орган өкілдері жобаның инвестициялық мүмкіндіктері, салықтық және кедендіктік жеңілдіктер, тиімді несие шарттарымен таныстырды. Сонымен қатар қатысушыларға дамудың басым бағыттары және жобаларды іске асырудың барлық кезеңдеріндегі сүйемелдеу тетіктері түсіндірілді.