Ақтөбеге жаңа автобустар келді. Қоғамдық көліктер бүгіннен бастап №8 және №23 бағыттар бойынша жолға шықты. Аталған екі маршрутта жолаушылар тасымалдайтын автобустар әбден ескірген еді. 


Тұрғындардың талап-тілегі ескеріліп, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі жаңа тасымалдаушы компанияны анықтау мақсатында конкурс жариялады. Енді Тұрғындар қалашығынан халықаралық әуежайға, Орталық базардан Қызылжар елдімекеніне дейінгі бағытқа су жаңа 21 автобус қатынайды.


Еске салсақ, қала әкімдігі автопарктерге қоғамдық көліктерді жаңарту туралы талап қойды. Нәтижесінде жыл басынан бері жолаушылардың жайлылығы үшін 45 электробус пайдалануға берілді.