Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінде "Қаржы сақшысы" ойынының жеңімпаздары марапатталды. Бұл құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыратын ойын. Онлайн бәсекеде оқушылар білімдерін жетілідіреді және заң терминдерін түсінеді. Ойынға облыс бойынша 45 мың оқушы қатысқан. Олар алғыс хатқа және арнайы сыйлыққа ие болды.