№8 Орта мектеп «Заң мен тәртіп» онкүндігін қорытындылады. Апталық кезінде білім ұясының оқушылары арасында спорттық сайыс, пікірталас, дөңгелек үстел, құқыққорғау органдарының өкілдерімен кездесу және өзге де танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Профилактикалық жұмыстар оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға, буллинг, лудомания, нашақорлық сияқты қоғам дерттерінің алдын алуға бағытталды.
Сонымен қатар, білім алушылар облыстық полиция департаментіне саяхат жасады.