"Жанардағы жылдар". Бүгін осындай атаумен облыстық өнер музейінде суретші Әлімжан Ибраевтың шығармашылық көрмесі өтті. Бүгінге дейін 1000-ға жуық сурет салған бейнелеу маманының көрмеге таңдаулы 30 суреті қойылды. Әсіресе Әлімжан Ибраевтың кескіндеме жанрындағы туындылары жетерлік. Ол сонау сақ дәуіріндегі Томирис патшайым бейнесінен бастап, бүгінгі Димаш Құдайберген сынды танымал тұлғалардың кескінін қағаз бетіне шебер бейнелеген.