Парламентті "Құрылтай" деп атау - төл тарихымыздың тәжірибесіне қайта үңілу. Бұл - біздің ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын ұғым.
Құрылтай сыртқы қауіп-қатерге қарсы әрекет, ішкі бірлікті сақтау және елдік мүддені қорғау сияқты халқымыздың қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды мәселелерді шешу үшін шақырылатын. Осындай мән-мазмұны терең жиын атауын болашақ Парламентке телу - құптарлық іс, дейді ақтөбелік депутаттар.