{КСМ }Сенбіде жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыстық чемпионат өтті. Қала және аудандардан келген 150 палуан нөмірі бірінші спорт мектебінде кім мықтыны анықтады. Жас спортшылардың өнерін спорт саңлақтары бағалады. Жарыстың бас төрешісі бүгінде грек-рим күресі өңірде қарқынды дамып келе жатырғанын айтады, әсіресе “классикалық” күрестің отаны саналатын Шалқар ауданынан шыққан чемпиондар аз емес.