Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты облыста оқу процесі онлайн форматқа көшті. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім басқармасы осындай шешім қабылдады. 


Әйтсе де, сабақтар бекітілген кестеге сәйкес, қашықтан ұйымдастырылып жатыр. Мұғалімдер мен оқушылар білім беру платформалары арқылы байланысқа шығып, оқу процесі үздіксіз жалғасуда.