Негізгі Жаңалықтар БОЛАШАҚ КІТАПХАНАШЫЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

БОЛАШАҚ КІТАПХАНАШЫЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

Болашақ кітапханашылар өзара бақ сынады. Кәсіби маман ретінде қалыптастырып, бағдар беру мақсатында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында байқау өтті. Жарыста колледждің бітіруші түлектері 5 команда болып, өз жобаларын таныстырды. Басым бағыт кітапхана ісін цифрландыру, жаңашыл жүйеге бағытталған. Болашақ мамандар алған білімдерін таразылап, кітапхана мамандарымен тәжірибе алмасты. 

Бөлісу