"Қазақстанның аспанмен астасқан көк туын бүкіл әлем біледі. Еліміздің спортшылары жарқын жеңісімен, ғалымдары іргелі еңбегімен, өнерпаздары тамаша дарынымен Отанымызды жер жүзіне танытып жүр. Біз туған жерге жанашырлығын, туған елге адалдығын нақты іспен көрсететін нағыз патриот азаматтарды қолдауымыз қажет".
Ұлттық Құрылтайдың 5-ші отырысында Президент осылай деді. Ұлттық рәміздерімізді ұлықтап, еліміздің көк байрағын көкке көтеріп жүрген чемпиондарымыз Мемлекет басшысының үндеуінен ерекше қолдау сезінгенін жасырмайды.
"Жауапкершілік жүктей отыра айтылған сөз жігерімізді жанып, жаңа жетістіктерге жетелейді ", - дейді спортшылар.