Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы бір палаталы парламент құруға қатысты ұсыныстар мен шешімдерге тоқталған болатын. Референдумнан кейін елде жаңа бірпалаталы парламент құрылады.

Президент оның «Құрылтай» деп аталатынын жеткізді. Онда 145 депутат болады. Аймақ ғалымдарының пікірінше бұл билік пен бұқара арасын жақындатудың тиімді жолы.