Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстар нәтижелі шешімдерге ұласады. Мәселен, Ұлттық кітап күні бұған дейінгі құрылтайда көтерілген бастама негізінде белгіленген болатын.
Ал Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай аясында кітапхана қорының жай-күйі мен оны жаңғырту мәселесі күн тәртібіне шығарылды. Алдағы уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі Үкімет деңгейінде арнайы комиссия құрып, кітапханалар қорын кешенді түрде зерделеу және толықтыру мүмкіндігін қарастырмақ.