Жаңа Конституцияда отбасы мен неке ұғымдарын күшейтіп, оны тек қана ер мен әйелдің арасындағы тең, еркін және өзара жауапкершілікке негізделген құндылық ретінде нақты бекіту керек. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында осындай бастама көтерді. Оның сөзінше дәстүрлі отбасылық құндылықтарды Ата заңда айшықтап жазу демографияны нығайтып, ұрпақ тәрбиесіне оң әсер етеді.