"Ақтөбенің ұлы да қызы да- нағыз батыр". Тәртіп сақшыларының қоғамдық көмекшілерімен кездескен полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев осылай деді. Өйткені, ерікті жастарды ң көмегімен өткен жылы өңірде 1 қылмыс, 170-тен астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.


 Жас сақшылар полицейлермен бірге түнгі рейдке шығып, қоғамдық тәртіпті орнатуға үлес қосты. Белсенділер бүгін генералдың қолынан марапат алды.