Конституциялық комиссияның бірнеше жұмыс секциясы Ата заңға енгізілетін түзетулердің нақты бағыттары бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Комиссия мүшелері Конституцияның жекелеген нормаларына, баптары мен бөлімдеріне жан-жақты талдау жүргізіп, ұсыныстардың құқықтық қырын ғана емес, оның мазмұны егжей-тегжейлі қаралу үстінде. Қызу пікірталас пен талқылаудың нәтижесінде қорытынды ұсыныстар әзірленуде. Бұл ретте Конституцияның негізгі ережелеріне қатысты мәселелерге ерекше басымдық берілген.