Өңірде соңғы бес жылда жарты миллион ағаш отырғызылды. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Отырыста Мемлекет басшысының елді мекендерді көгалдандыру жөніндегі тапсырмасының орындалу нәтижелері талқыланды.