Қаңтардың қытымыр аязы халыққа да, балыққа да оңай емес. Себебі қыс қаһарына мінгенде мұз жамылған өзен-көлдерде оттегі азаяды.
Бұл судағы тіршілік иелерінің қырылуына әкеледі. Сондықтан бүгін мамандар өңір жастарымен бірлесіп, Сазды өзенінің мұзын ойды.