Сыр елінде өткен V Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы ел дамуының стратегиялық бағыттарына кеңінен тоқталып, саяси реформалар, әділетті қоғам құру, экономиканы әртараптандыру туралы айтты. Бұл - негізгі стратегиялық бағыттың бірі. Басты назар шикізатқа тәуелділікті азайтып, өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыруға аударылған.