Ұлттық құрылтайдың басты өзегі - ұлттық сана мен рухани жаңғыру. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам дамуы ең алдымен адамгершілік пен ізгілікке негізделуі тиіс екенін атап өтті. Бұл - тарихи сабақтастықты сақтай отырып, жаңа дәуірге бейімделудің айқын көрінісі. Мемлекет басшысының Сыр еліндегі құрылтайда қозғаған мәселелеріне қатысты аймақтың бас имамы пікір білдірді.