Мемлекет басшысы Сыр өңірінде өткен V Ұлттық құрылтайда маңызды жиынның ел тарихында қалатынын мәлімдеп, құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Бұл құрметті абырой төрінен көрінгендердің қатарында аймағымызға белгілі азаматтар да бар.