«Ұлттық цифрлық мұра» қоры жасақталмақ. Онда ұлт руханиятының алтын қазығына айналған ұлы тұлғалардың мұрасы жинақталады. Кешегі құрылтайда президент Абайдың «қара сөзін» жаһан жұртына танытуды тапсырған. Қандай қарекет жасалып жатыр? Қозы Көрпеш Жасаралұлы айтады.
Тілші: Абайдың «Қара сөздері» қанша заман өтсе де, құндылығын жоғалтқан жоқ. Керісінше, керуен көшкен сайын ондағы ойлар өмірдің өзегіне айналып отыр. Күллі қазақтың бағдаршамы болған мәдени мұра енді адамзаттың ортақ игілігіне айналуы қажет. Кешегі құрылтайда мемлекет басшысы осы мәселеге назар аударды.