Жастардың жағасына жармасып, жарға шыққан 5 "кесел". Бұл- нашақорлық, лудомания, вандализм, буллинг және ысырапшылдық. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасында Мемлекет басшысы жастарды тура жолдан тайдырушы деп осы бесеуді меңгезен еді. Және қоғамның өзекті проблемасын ел болып шешуге шақырды. Аталған тақырып Есет Батыр атындағы мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің білім алушыларымен өткен кездесуге арқау болды. Облыстық жастар ресурстық орталығы, теолог және құқыққорғаушылар болашақ олимпиада чемпиондарымен тағылымды әңгіме өрбітіп, ағалық ақыл-кеңестерін айтты.