Бүгінгі таңда елде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне 4 санат бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Ал аймақта алғашқы 3 санат бойынша 52 әлеуметтік кәсіпкерлік нысаны тіркеуде тұр. Олар үшін жыл сайын облыс әкімдігі тарапынан мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылып келеді. Айталық, былтыр 9 әлеуметтік кәсіпкер 5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қайтарымсыз гранттарға ие болды. Бұл бағытта 51 млн теңгеден астам қаржы үлестірілген. Нәтижесінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету және өңдеу өнеркәсібі салаларында бірқатар маңызды жобалар іске асқан.