«Отаншылдық дегеніміз – әрине, оған сүйіспеншілік деген сөз. Алайда, отан алдындағы жауапкершілігіңді сезініп, перзенттік парызыңды өтеуге талпынбасаң, «отаншылмын, патриотпын» деген сөзіңнің құны көк тиын болмақ.» Бұл мемлекет басшысының кешегі Сыр өңірінде өткен V Ұлттық құрылтайда айтқан сөзі. Қасым-Жомарт Тоқаев осы ұсынысы арқылы халықты мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарамауға шақырды. Бұл бағытта әсіресе, жас буынның патриоттық сезімін арттырып, рухы мен жігерін шыңдайтын танымдық шараларды көптеп қолға алуымыз керек, дейді аймақтың бетке ұстар ел ағалары.