Облыста республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды қысқы күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүріп жатыр. Жергілікті маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы шамамен 4500 шақырымды құрайды. Оларды күтіп ұстауға ондаған мердігер мен жүздеген арнайы техника жұмылдырылған. Мұздан қорғайтын материалдар мен қажетті отын қоры да әзір. Бұл жөнінде сала мамандары өңірлік коммуникациялар алаңында айтып берді.