Полиция пультіне жыл басталғалы отбасылық жанжал дерегімен 350-ге жуық қоңырау түскен. 20 күннің ішінде тұрмыстық кикілжіңге қатысты 4 қылмыс тіркелді. Шаңырақтың шаттығын бұзған 310 "жанжалқой" әлеуметтік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің негізгі себептерін атады.