Заң қазақ тілінде жазылуы керек. Сонымен қатар кез келген келісімшарт та мемлекеттік тілде жазылуы қажет. Ұлттық құрылтай мүшесі, «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы көшпелі студиямызға берген сұхбатында осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, соттардың өзі заңның қазақ тіліндегі нұсқасымен үкім шығаруға дайын емес. Сондықтан заң ең алдымен қазақ тілінде жазылуы керек.