Сыр өңірінде V Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің құзыретін кеңейту туралы ұсыныс айтты. Жұмыс тобы Конституциялық соттың, Жоғары аудиторлық палатаның және Орталық сайлау комиссиясының құрамын жасақтау, сондай-ақ Жоғарғы соттың барлық судьяларын сайлау құзыретін жоғары өкілді орган депутаттарына беруді ұсынады. Мемлекет басшысы: «Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс» екенін де тілге тиек етті. Әрі Парламентке өту үшін бес пайыздық межені қалдырған жөн деп санайды.