Кітапхана - шабыт алаңы, креативті ойлар тоғысатын орын. Цифрландыру және жасанды интелект жылына орай Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөсіпірімдер кітапханасында жас креаторлармен кездесу өтті. "Айтихаб" орталығының маманы Серік Сүндетов және жеке креатив хаб жетекшісі Виталий Григуца оқырмандармен ой бөлісіп, жаңа стартап жобаларды талқылады. Шара шығармашылық пен инновацияны тоғыстырған креативті индустрияны дамытуға, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, заманауи жаңашыл идеияларды жүзеге асыруға бағытталды.