Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында наркополиция қызметкерлері Қызылорда облысының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде күдіктіден ұнтақ тәрізді зат салынған бес орама тәркіленді.
Кейін жалдамалы пәтерде жүргізілген тінту барысында полиция қызметкерлері қызметтік иттің көмегімен өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ заттың қалдықтары салынған пакеттерді, сондай-ақ есірткі тұтынуға арналған құралдарды және изолентаны анықтап, тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген жалпы салмағы 3 граммнан астам психотроптық заттар. Күдікті Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.