Аймақта 10-шы қаңтардан бері 2 мыңнан астам талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Үміткерлердің 71% пайызы қазақ, 21% орыс тілінде және 3 оқушы ағылшын тілінде тапсырды. 


Алғашқы аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 57% пайызы шекті балл жинап үлгерген. Әзірге ең жоғары нәтиже - 130 балл. Сонымен қатар, тестілеудің алғашқы аптасында бірқатар ереже бұзушылықтар да анықталған.