Қыс басталғалы қала ішінен 45 мың текше метр қар шығарылған. Дегенмен шаһардың санитарлық тазалығы әлі де көңіл көншітпейді. 


109 ахуалдық орталығының нөміріне дамыл жоқ.  


Осы ретте облыс әкімі Асхат Шахаров салғырттық танытып отырған жауапты мердігерлердің жұмысын сынға алды. Өткен сенбіде аймақ басшысы тұрғындар қалашығы, Мәскеу мөлтек ауданы мен Есет батыр тұрғын алабын аралап шығып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрді.