Қыс қаһарына мінді. Облыс мектептері екі күннен бері онлайн оқып жатыр. Үскірік аязда үй-күйсіз жүрген жандардың жағдайы қалай? Осы ретте жергілікті полиция рейд ұйымдастырып, далада қыстап жүрген азаматтарды әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізіп жатыр.