Негізгі Жаңалықтар ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ - ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС АЛАҢЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ - ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС АЛАҢЫ

 Ұлттық құрылтай халық пен билік арасындағы байланысты нығайтатын негізгі алаңға айналып келеді. Бұл жұртшылықтың сенім үдесінен шығып отыр, дейді филология ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Диқан Қамзабекұлы. Өткен 4-ші Құрылтайдың отырысында көтерілген мәселелер мен айтылған пікірлер кейін заң жобаларына, мемлекеттік бағдарламаға еніп жатыр. Сонымен бірге, Президенттің атқарушы билікке берген тапсырмаларының орындалуы – негізгі миссиясының жүзеге асып жатқанының көрінісі, дейді. Айта өтейік, Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысы 19-20 қаңтар күндері Қызылорда қаласында өтеді. 

Бөлісу