Кеше 112 пультіне Ырғыз ауданы аумағындағы тасжолдың 1094-ші шақырымында, «Мәскеу – Ташкент» бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусының істен шыққаны және құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы хабарлама түскен.


 Оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері жедел жетіп, техникалық ақауы бар автобустан 13 адам эвакуациялады. Жолда қалғандар Қалыбай ауылының «Көшпенді» кемпингіне жеткізілген. 


Жолаушылардың арасында Өзбекстан Республикасының 11 азаматы бар.