Сарбаздардың жарақат алуы мен қаза болуы өркениетті ел үшін жат үрдіс. Бейбіт заманда мұндай жайттар болмауы тиіс. Әскер - жастарға қолдау көрсетіп, оларды еліміздің нағыз азаматы ретінде тәрбиелеп шығаруы керек.
Бұл мәселе де мемлекет басшысының "Түркістан" газетіне берген сұқбатында көтерілді. Расымен де, әскерде әлімжеттікке, бұзақылыққа, рушылдыққа, жершілдікке орын жоқ, ондай жайттарға жол берілмейді.
Мемлекет басшысының ұстанымын қолдай отырып, аймақ әскерінің темірдей тәртіпке бағынуы - отан алдындағы борышына адалдығының бір дәлелі, дейді облыстық Қорғаныс істері жөніндегі депаратмент мамандары.