Мемлекет басшысы "Түркістан" газетіне берген ауқымды сұқбатында: "Заңсыз активтерді елге қайтару ісі жалғаса береді. Бұған дейін олигополия өкілдерінен 1,3 триллион теңгеден астам қаржы өндірілді. Және бұл қаражат игілікті істерге жұмсалып келеді", деген еді.
Президенттің бұл бағыттағы бастамасы елдің әр аймағында қарқынды іске асып келеді. Айталық, аймақта былтыр қайтарылған активтер есебінен 11 нысанның құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
Ал биыл 300 орындық балабақшаның құрылысын аяқтаумен қоса, бірқатар аудан ауруханасының жанынан қосымша жапсаржай салу жоспарда