Бүгін - қаһарман қыз, мерген ару Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күні. Кеңес Одағының батыры 14 қаңтарда Ресейдің Псков облысының Новосокольники ауданында жан тәсілім еткен. 


Қаршадай қыздың қыршын ғұмыры ерлікке толы. Сондықтан облысымызда жыл сайын осы күні аймақ басшылығы және зиялы қауым мергеннің туған жері Қобда ауданына барып, аруағына тағзым етеді. 


Биыл да үйреншікті үрдіс үзілген жоқ.