Полиция музейі тағы бір тарихи жәдігермен толықты. 1,5 ғасырға жуық уақыт сақталған немістің ағаш қын-қобурасы бар «Маузер» маркалы тапанша экспонаттар қатарына тапсырылды. Атыс қаруы былтыр Атырау қаласының тұрғынынан «Алимбет» бақылау-өткізу бекетінде тәркіленген. Яғни, айыпталушы мемлекеттік шекарадан заңсыз алып өтпек болған кезде ұсталған. Ескі жәдігер келушілерге атыс қаруының даму тарихын ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдарының заңсыз қару айналымына қарсы жүргізіп отырған жұмыстарының нәтижесін де айқын көрсетеді